«Ахмет Байтұрсынұлы және ұлт руханияты»

«Менеджмент бизнес және білім» колледжінің 2 курс студенттері Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2022 жылдың 1 қыркүйек күні сағат 15:00-де ұлт ұстазы, ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлт руханияты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатыстық. .Іс-шараның басты мақсаты Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығымен кеңінен танысу, халыққа үгіттеу және ғибратты ғұмырынан өнеге алу. Аталған жиында Мажарстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, түркітанушы, этнограф Давид Қара, т.ғ.д. Анкара университетінің профессоры Севиль Пириева құттықтау сөз оқыды. Конференция өте жоғары деңгейде өтті. Бұл конференциядан студенттер өздеріне керекті тың деректермен таныс болып өте керемет әсер алып қайтты.