«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері кәсіптік тәжірибесі

«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері кәсіптік тәжірибелерін колледждің әлеуметтік серіктестері болып келетін Астана қаласының №20 орта мектебі, №26 мектеп-гимназиясында, №25 орта мектебінде өтіп жатыр. Тәжірибе барысында студенттер бағдарламаға сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын атқаруда.