Есік ашық күні “Біздің мамандықтар”

2023 жыдың 20 қаңтарында Менеджмент, бизнес және білім колледжінде Астана қаласының 73, 79, 21,30 мектеп оқушылары үшін Есік ашық күні жалғасуын табуда. Іс шараға Астана қаласының 4 мектеп -гимназиясынан жалпы 476 мектеп оқушылары қатысты.
Іс - шара барысында 12 мамандық бойынша шеберлік сыныптар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Шаштараз өнері», «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу » , т.б. мамандықтарға қызығушылықтарын танытты.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған мамандықтар бойынша сұрақтарын қойып, пікір алмасты.