«Ешкім ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында ашық сабақтар сағаты өтті.
2023 жылдың 03 мамыр күні тарих пәң оқытушысы Жексенбинова Ш.Е. НОб 11 және ОПб 11 тобының белсенді студенттермен «Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды» тақырыбына ашық сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата – бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі өнеге тұту. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін - өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру.