Жаратылыстану - математика бағытындағы арнайы пәндер онкүндігінің ашылуы.

2023 жылдың13 қарашасында 13.11.2023ж. - 23.11.2023ж. аралығында Жаратылыстану - математика бағытындағы арнайы пәндер онкүндігінің ашылуы өтті.
Мақсаты: Жаратылыстану - математика бағытындағы арнайы пәндер онкүндігі оқу-әдістемелік жұмысты жоспарлау аясында оқытушылардың кәсіби құзреттілігін арттыру және қолайлы танымдық, шығармашылық атмосфераны құру. Студенттерді сыныптан тыс іс-шараларға, ашық сабақтарға, викториналарға, интеллектуалды ойындарға белсенді қатыстыру. Студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Онкүндіктің қатысушылары: оқытушылар, колледж студенттер мен мектеп оқушылары.
Колледждің келесідей мамандықтарының студенттері белсене қатысады.
• «Бағдарламалық қамтамасыз ету»
• «Есептеу техникасы және ақпараттық желі»
• «Графикалық және мультимедиялық дизайн»
• «Шаштараз өнері»
• «Тамақтандыруды ұйымдастыру»
• «Тігін өндірісі және киімді модельдеу»
Жұмысты ұйымдастыру формасы:
• Тренинг
• Семинар
• Цифрлы форум
• Дөңгелек үстел
• Мастер-класс
• Турнир
• Интеллектуальды ойын
• «WorldSkills-2024» чемпионатына колледж ішілік іріктеу