Жас маман тәжірибесінен
«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының арнайы пән оқытушысы Аманова Кымбат Куандыковна әрдайым сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, студенттердің дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды өзі белгілеп, өзі таңдап алады. Оқыту әдісін оқытушының таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болып келеді. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, студенттердің жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолданады.