«Жылдың үздік балалар әдебиеті» жүлдесінің иегері Зәре Төреханмен кездесу

Колледж студенттері кітапхана меңгерушісі А.Бекболатованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында оқу сауаттылығын қалыптастыру және жетілдіру, оқу мәдениетінің деңгейін оқуды насихаттау . «Артық білім кітапта» атты ағарту апатлығының кезекті тақырыбы: «Жыр дастаны халқымның жүрегінде» , «Әрбір бала-бір әлем». «Алтын қалам» ұлттық әдеби бәйгесінің «Жылдың үздік балалар әдебиеті» жүлдесінің иегері Зәре Төреханмен кездесу өтті. Осы байқаулардан соң Алматы кітап баспасы Заурені бірлесе жұмыс істеуге шақырып, оның «Әмина Тұран көшпенділер елінде» атты тұңғыш фэнтези романын шығару құқығын сатып алады. Кітап 2018 жылдың тамыз айында шығарылып, Мәскеу, Франкфурт, Ашхабат халықаралық кітап жәрмеңкелерінде көпшілікке таныстырылған. 2019 жылы Брюссель қаласында өткен «Ашық Евразия» халықаралық әдеби байқауында 3-орынды иеленген. Студенттер кездесу барысында Зәре Төреханды қызығушылықпен тыңдап, шығармашылығына тәнті болды.