«Жұмыс берушілер күні»

2022жылдың 15 қарашасында Менеджмент, бизнес және білім колледжінде «Жұмыс берушілер күні» атты іс-шара өтті. Іс-шараға «АТИКО-Астана» ЖШС, Ramada by Wyndham Astana қонақ үйі, «ASTANA Ютария ltd» өндірістік Инновациялық компания, №5 «Ақбота» бала-бақшасы, №63 Асем-ай бала-бақшасы, «Бақыт мекені» ЖШС, бала-бақшасы, «Vistal Group» ЖШС - Кинг Отель, №26 мектеп-гимназия, ESTEL компаниясы, "Сидко Групп" ЖШС, "Halal Food" ЖШС, «Caspian Center» орталығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ, «Астана қаласы бойынша Соттар әкімшілігі» РММ , "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы әлеуметтік серіктестері қатысты:
Іс-шара барысында академиялық дербестік, дуалдық оқыту, кәсіпорын өтініші бойынша кадрларды даярлау, пән оқытушыларының тағылымдамадан өтуі туралы мәселелер талқыланды. Әлеуметтік серіктестер оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысуға ынтасын білдірді.
Іс –шара соңында Ramada by Wyndham Astana қонақ үйі, «Астана қаласы бойынша Соттар әкімшілігі» РММ мен «Caspian Center» орталығымен Меморандумға қол қойылды.