Колледждің кәсіптік бағдары

13.02.2023 ж. жаратылыстану - математика бағытындағы арнайы пәндер онкүндігі ғылыми-әдістемелік жұмысты жоспарлау аясындамектеп оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында Астана қаласының № 23 орта мектебінің 9 сынып оқушылары біздің колледжге шақырылды. Мектеп оқушылары арасында «XXI-ғасыр көшбасшысы» оқушылар аралық байқауға қатысқан оқушылар мадақтамаларға марапатталды. «Бисквит қамырынан торт дайындау технологиясы» және «Бүктелетін майлықтар мен үстел қораптары» мастер-класстар ұйымдастырылды. Соңында оқушыларға арнап колледж ішінде қызықты экскурсия өткізілді.