Колледж ұжымымен бірлесе атқарған еңбектеріңіз үшін АЛҒЫС білдіремін.

Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен - ұстаздар күнімен құттықтаймын!
Жылдар бойы қажырлы еңбек етіп, жас ұрпаққа тәлімді тәрбие, сапалы білім беруде өз мамандықтарыңыздың мәртебесін көтере білген ұлағатты ұстазсыздар! Сіздердің бойыңыздағы басқа да жақсы қасиеттермен ұштастыра білген маман екендіктеріңізді дәлелдей білдіңіздер.
Болашақ мамандарды даярлауда кәсіби бағыт-бағдар беріп, шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттерін дарытып, кәсіби мәдениеттерін жетілдіру бағытында колледж ұжымымен бірлесе атқарған еңбектеріңіз үшін АЛҒЫС білдіремін.