Менің өмірімді өзгерткен кітап
Менеджмент бизнес және білім колледжінің ДОБ 41 тобының студенттері «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Менің өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе жазды. Студенттердің оқыған кітаптары әртүрлі болғанымен, әр студент сол шығармалардың арасынан өзіне керекті мағлұмат алып, жақсы ой түйіп, оқыған кітаптары арқылы өмірлерін жақсы жаққа өзгертуде. Студенттердің арасынан ең үздік эссе жазған Бектұрсын Айдана мен Сүлейменова Нұржан колледж атынан кішігірім сыйлықпен марапатталды . Басқа да оқырмандарымызды кітап оқуға шақыру, ынталандыру мақсатында әлі де осындай байқаулар ұйымдастырамыз.Барлық оқырмандарымызды кітап оқуға шақырамыз!