Нәтижеге бағытталған білім беру

Нәтижеге бағытталған білім беруде өзекті мәселе оқытушы пәнін оқыту барысында, тәжірибелік әдістердің көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекетті меңгерту, студенттердің ойын еркін жеткізуде, жан-жақты ізденту жұмыстары арқылы бағыттап, жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін әдістерді қолданады. Сабақтың тиімділігі: оқушы шығармашылық деңгейге оқытушы арқылы емес, өз іс-әрекеті арқылы жетеді. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында. Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді.