«Оқуға құштар колледж» жобасы

Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттері кітапхана меңгерушісі А.Бекболатова мен тіл маманы Ш.Айткожина-Сағатованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында қыркүйек айына жоспарланған « Z - ұрпақ » атты іс шара шеңберінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына онлайн шолу жасады.
Қазіргі жас ұрпақты кітапқа, ілімге баулудың ең оңай жолы замануи жабдықталған кітапханалар. Осы замануи жабдықталған кітапханаларды көріп - ақ әр оқырманның көңілі оқуға ауып, ынтасы оянады. Кітап оқитын сауатты ұрпағымыз көп болсын.
Ыбырай Алтынсарин атамыз «Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар. Іздегенің алдыңнан, Іздемей – ақ табылар» демекші кітап оқып, білім нәрімен сусынданған адамның әр басқан қадамы алтын әріптермен жазылатын болады.
Колледжіміздің барлық оқырмандарын колледж кітапханасына шақырамыз.
Кітап оқуға асығайық құрметті оқырмандар.