«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында

Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттері кітапхана меңгерушісі А.Бекболатова мен жалпы білім беретін пән оқытушысы К.А.Акшабакованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында оқу сауаттылығын қалыптастыру және жетілдіру, оқу мәдениетінің деңгейін оқуды насихаттау мен қазақ халқының ақын-жазушыларының шығармашылығына бағытталған «Артық білім кітапта» атты ағарту апатлығының кезекті тақырыбы «Кітап-сарқылмас рухани қазына» және Міржақып Дулатұлының «Оян қазақ» шығармасы желісінде түсірілген телехикаяны тамашалап талқылады. Студенттер қауымы телехикаяда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылғаны, Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалғаны туралы көріп тамашалап, өз ойларымен бөлісті.