«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында

Колледж студенттері кітапхана меңгерушісі А.Бекболатова мен арнайы пән оқытушысы С.Т. Рамазаннын ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында оқу сауаттылығын қалыптастыру және жетілдіру, оқу мәдениетінің деңгейін оқуды насихаттау мен қазақ, орыс халқының ақын-жазушыларының шығармашылығына бағытталған «Артық білім кітапта» атты ағарту апатлығының кезекті тақырыбы: «Балалар әлемі ертегілер елінде». Студенттер балалар әлемінің ең қызықты да көңілді кезеңдерінің бірі ертегілер еліне саяхат жасап қайтты. Әртүрлі авторлардың ертегілерін тыңдап, «Бауырсақ - Колобок» қызықты көріністер қойды.