Тілдер апталығы
2022 жылдың 19 қыркүйегінде «Менеджмент, бизнес және білім колледжінде» ЖШС Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі аясында «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» атты 1-2 курс студенттер арасында апталықтың ашылуы өтті.
Колледж студенттері тыңдаушыларға «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» тақырыбы аясында С.Торайғыровтың, Д.Әбіловтың, М.Жұмабаевтың, Ш.Айтыматовтың және М.Мақатаевтың өлеңдерін оқып, өздерінің тілге деген құрметтерін білдірді.
Колледждің тарих пәнінің оқытушысы Жексенбинова Ш.Е. тыңдаушыларға Қазақтың Ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі туралы құнды танымдық ақпарат берді.
Жиын соңында, Қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың өміріне арналған, Қазақфильм киностудиясының көркем туындысы «Ахмет – ұлы ұстаз» телехикаясының 1-сериясы көрсетілді.
Циклдік – әдістемелік коммисиясының төрайымы Айткожина Ш.А. 19.09-30.09.2022 аралығында Тілдер мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жөнінде ақпарат беріп, ережелерімен таныстырды.