«Қалам сынағы» поэтикалық шығармашылық сағаты

Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттері «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Қалам сынағы» атты поэтикалық центон негізінде, Астана қаласы Ұлттық академиялық кітапханасында өткен Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты поэзия кешіне қатысып, Сырашов Санжар ГБАБ -11 тобының студенті «Үш бақытым», Ерболат Арайлым НОБ-11 тобының студенті «Ей өмір», Семби Фариза Мдб-11 тобының студенті «Туған жерге», Ашукенова Ақбота «Өкпелеттім» атты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа оқыды.