«Қонақ үй бизнесі» мамандығының 3 курс студенттері кәсіптік тәжірибесі

«Қонақ үй бизнесі» мамандығының 3 курс студенттері колледждің әлеуметтік серіктестері, Астана қаласының ірі қонақ үйлері Ramada by Wyndham, Hilton Garden In Astana, Ritz-Carlton қонақ үйлерінде тәжірибе өтіп жатыр. Тәжірибе барысында студенттер қонақ үйдің қабылдау және орналастыру бөлімінде теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітуде.