«Үздік жас маман»

Менеджмент, бизнес және білім колледжінің жас мамандары: арнайы пән оқытушылары Бақытбекқызы Алима, Игамбердиева Ақерке Нишоналиқызы Астана қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагогтеріне арналған «Үздік жас маман» қалалық байқауына қатысты. Байқаудың ұйымдастырушылары - «Әдістемелік орталығы» МКҚК, Білім басқармасы мен Астана қаласының «Әділет» Білім беру қызметкерлер кәсіподағы. Байқауға 15 колледжден 21 жұмыс қабылданған. Сараптама қорытындысы бойынша Менеджмент, бизнес және білім колледжінің жас маманы: арнайы пән оқытушысы Бақытбекқызы Алима жүлделі I - орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!