«Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы»

Колледждің оқу залында циклдік – әдістемелік комиссия төрайымы Ш.А.Айткожина-Сагатованың ұйымдастыруымен НОБ - 13 топ студенттерінің қатысуымен «Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы» атты іс шараны өткізді. Іс шара барысында ақшаның пайда болу мен шығу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай және кімдер жасағаны туралы мағлұмат берді. Іс шара соңында студенттер теңгеге байланысты жұмбақтар, мақал - мәтел жарысын ұйымдастырып,интелектуалды ойын өткізді.