Әдеби кеш

Қазақтың тұңғыш кәсіби бишісі, қазақтың музыкалық өнерінің, ұлттық биінің негізін қалаушы, алғашқы драмалық актриса, Қазақ КСР-ның халық әртісі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген әртісі, ұстаз Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына орай, Менеджмент бизнес және білім колледжінде ОПб 11 тобымен ұйымдастырылған әдеби кеш өтті.
Студенттер Шара Жиенқұлованың өмірінен үзінді қойлым қойып, биін сомдады. Деректі бейне материал көрсетіп, презентация ұсынды. Шара Жиенқұлованың өнері мен қазақ мәдениетіне қосқан үлкен үлесі дәріптелді. Нәтижесінде, студенттердің бойына тарихта халқымыз мақтан ете алатын ірі тұлғалардың болған үшін мақтаныш сезімін ұялатып, қазақ ұлттық би өнеріне деген қызығушылықтарын оятты.