«Әнді сүйсең менше сүй» атты шығармашылық ән кездесу

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жастар мен студенттерге арналған «Дана» музейлік білім беру жобасы аясында музыка әлеміне ұңілдіретін «Әнді сүйсең менше сүй» атты шығармашылық ән кездесуі өтті.
Студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу, әндердің түрлері, шығу тарихынан сыр шерте отырып, оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарыту, әнге деген құмарлығын арттыру, музейдегі жәдігерлер туралы мәлімдеу, музыка өнері арқылы әсемдік пен сұлулыққа баулу мақсатында өткізілген бұл музейлік сабаққа Казақ Ұлттық Өнер университеті, М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация колледжі, Менеджмент, бизнес және білім колледжінің студенттері қатысты.
Менеджмент, бизнес және білім колледжінің ұстазы Балманов Жалғас гитараның сүйемелдеуімен “Мәриям Жәгорқызы” әнін орындады.
“CONTEMPORARYARAY DANSE” би тобы “Дәрумен” әніне би қоойылымын көрсетті.
Менеджмент және бизнес колледжінің студенті Комарова Аружанның орындауында Батырхан Шукеновтың “Дождь” әні орындалды.
“Қазақстан Дауысы” жобасының қатысушысы Қайрат Сағынтай ән орындады.
Кездесу барысында көптеген қызықты мағлұмат айтылып, құнды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, бірқатар жастар өнерлерін ортаға салып, әр түрлі жанрларда әндер орындалды. Студенттер тақырып негізінде қызығушылық танытып, түрлі ой түрткі сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Шараны ұйымдастырған Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімі.