Өз тәжірибесімен бөлісу.
« Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының арнайы пән оқытушысы Рамазан Салтанат Теміртасқызы оқытуда түрлі жаңашыл әдістерді қолданады. Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы студенттер тәжірибелік қызметпен байланыстырып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістері: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар. Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процессінің түрлі кезеңдерінде қолданылады.