№64 мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру

07.11.2023 ж.колледждің кәсіптік бағдар беру және мансаптықты даму бөлімі Астана қаласы әкімдігінің #64 мектеп лицейінің 9 сынып оқушыларына колледж мамандықтары мен оқуға түсудің тиімді шарттарымен таныстырып өтті. Мектеп түлектері колледжімізге аса зор қызығушылық танытып, түрлі сұрақтар қойды.
Колледжде кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде ұйымдастырылатын кездесулер болашақ талапкерге өз мүмкіндіктері мен мүдделерін ескере отырып, кәсіпті сәтті және негізді таңдауға көмектеседі.